«Сурет шебері»

Қаңтардың 18 күні N43 орта мектептің 5 сынып оқушылары үшін суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Сурет шебері» атты көрме-портрет өткізілді. Әбілхан Қастеев – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Балалар дарынды суретшінің өмірімен танысып, Ә.Қастеевтің шығармашылық мұрасымен танысты. Оқушылар шебердің «Түрксіб», «Мақта жинау», «Амангелді сарбаздары» сияқты суреттермен және басқалармен, Абай, Шоқан Уәлихановтың портреттерімен және пейзаждарымен танысты. Балалар «Суретшінің өмірінен» викторинасына белсенді қатысты. «Талантты суретші» атты тақырыптық сөресі безендірілді. Әбілхан Қастеев Қазақстан өнеріне үлкен үлес қосты, қазақ бейнелеу өнерінің пайда болуы мен дамуы оның есімімен байланысты.

Комментарии запрещены.