«Олжабай батыр»

18.01.2024 ж. Орталық қалалық кітапханасының қызметкерлері Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің I курс студенттерімен ел тарихында елеулi iз қалдырған тұлғаларымыздың бiрi, қазақтың даңқты батыры Олжабай Толыбайұлының туғанына 315 жыл толуына байланысты «Олжабай батыр» тарих сағатын өткізді.
Олжабай батырдың өмір сүрген кезеңі қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталған қиын уақытта белгілi бiр iстеген iс-әрекетi, сөйлеген сөзi, тұжырымдаған ой-пiкiрi арқылы қатардағы қоғам мүшелерi арасынан ерекшеленiп, ел тарихынан орын алған жеке адам — тұлға болғаны, оның ерлігінің ерекше көрінетін жері — Баянауыл баурайында өткен шайқасы болып табылатыны туралы ерліктеріне тоқталып өтті. Олжабай батырдың есімі Орта жүзге ұран болған. Олжабай батырдың ерлігі, батырлығы, мергендігі, мәрттігіне байланысты арнаған балалар арнауларын оқыды. «Он сан орта жүзге ұран болған Олжабай батыр» атты бейнебаян және ақын, журналист, жазушы, аудармашы, Мәшһүртану, өлкетанушы С. Баязитовтың «Олжабай» батыр поэмасының желісімен дайындалған бейнебаяндарын тамашалаумен қатар, кітапхана қорындағы кітаптардан «Олжабайдың өмір жолы – өнеге жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.