«Сан түрлі құстар әлемі» атты танымдық-ойын

2019 жылы 2 сәуірде Орталық балалар кітапханасында «Сан түрлі құстар әлемі» атты танымдық-ойын бағдарламасы өтті. Бұл күні «Самал» оңалту орталығының мүгедектер қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілері кітапхана қонақтары болды.

Жүргізушілер Е. Ю. Борякина мен Л. С. Микушина құстарды табиғатқа және адамға қандай пайда әкелетінін айтты.  Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 56 түрі енгізілгенін, құстар өмірінен алынған таңғажайып фактілермен танысты. «Құстар әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.  Самалдықтар қандай ұлттық белгілер құстармен байланысты екенін еске түсірді, сонымен қатар адам мен құстың қандай қасиеттерін салыстыруға болатынын түсіндірді. Жүргізушілер құстар туралы жұмбақтар шешіп, «Құстар ұшып келді…», «Ала қанат сауысқан» ойындарын және «Ертегіні тап» сұрақ- жауап ойынын өткізді. Балаларға «Суық торғай  туралы» қуыршақ қойылымы өте ұнады. «Тырна» мультфильмін көріп, біздің қанатты достарымызды қорғауға шақыру арқылы танымдық-ойын бағдарламасы аяқталды.

Комментарии запрещены.