«П.П. Бажовтың ертегілері» интеллектуалды ойыны

29 наурызда № 3 балалар кітапханасында  № 21 ЖОБМ   4  «ж» сыныптың оқушыларына «П.П. Бажовтың ертегілері» интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты: П.П.Бажовтың кітаптарын насихаттау, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Қатысқандар 17 адам.

Жүргізуші Жакиянова Р.Ж. П.П.Бажовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Балалардың назарына П.П.Бажовтың ертегілері бойынша 2 минуттық буктрейлер көрсетілді. Ары қарай балалар Бажовтың ертегілері бойынша «Серебряное копытце» мультфильмін тамашалады. Мультфильмді көріп болған соң талдап, өз ойларын айтты. «Каменный цветок» ертегісі туралы айтылып, кітапханашы балаларға сол кітапты оқуға кеңес берді. Шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.  Шара балаларға ұнады.

Комментарии запрещены.