«Алтын сандық ашылды..» атты көңілді сағат

2019 жылы сәуір айының екісі күні №10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында  балалар әдебиетінің апталығына орай №34 балабақшаның «Гүлдер» тобының ересек тобының тәрбиеленушілеріне арналған «Алтын сандық ашылды..» атты көңілді сағат болып өтті. Шараны кітапханашылар  Р.Займолда және Т. Магмурова жүргізді.

Алдыменен кішкентай оқырмандарымызды кітапхана ішімен, коворкинг орталығымен таныстырып өттік. Кітапханаға алғаш қадам басып отырған балаларға кітапхана тәртібі мен талаптары таныстырылды.

Көңілді сағатымыздың бастамасы  кітаптың шығу тарихы, алғашқы кітапханалардың пайда болуы жайында жеңіл тілде қызықтырып айтылып өтілді. Балалар әдебиетінің жазушылары туралы , қәзіргі күні қандай шығармалары танымал болып, сол шығармалар арқылы кинолар түсірілгені жөнінде айтылды. Балақайларға арналып көптеген қызықты сұрақтар, ертегі үзінділерін табу, викториналар, жұмбақтар дайындалды.  Батырлар жырларынан үзінділер оқылып  қазақтың батырлары туралы мәліметтер берілді. Батырлардың есімдерін естеріне салдық.

Келесі этап – ертегі үзінділерін оқып, қандай ертегіге жататындығын анықтау болды, балалар дереу тауып отырды.

Жас ерекшеліктерін ескере отырып, ертегі кейіпкерлерін табуға байланысты жұмбақтар жасырылды.

Сергіту сәті ретінде балалармен «Ұшты, ұшты» ойыны ұйымдастырылды. Қандай заттардың ұшатынын, қандай заттардың ұшпайтынын нақты тауып, қанаттарын жайып балапандарша ұшып отырды. Ойын балаларға қатты ұнағаны соншы өздері шығып жүргізуші болып, ары қарай жалғастырды.

Келесі сергіту сәті  — бейнефильмдер арқылы өткізілді. «Мен қазақпын», «Қоян, қоян тұршы» атты көңілді әуендермен билеп, қимыл іс-әрекеттер жасалынды.

Кітапханашы  Р. Займолда мен тұрақты оқырманымыз Ғ. Камесхан «Алдар көсе мен бай» атты қысқаша көрініс көрсетті. Балалар кейіпкерлерімізді айнытпай танып, көріністі аса қызығушылықпен тамашалады.

Алдын ала ұйымдастырған кітап көрмемен таныстырып, қызығушылық танытқан кітаптарға шолулар жасалынды. Коворкинг орталығымыздағы балалардың аса қызығушылық танытатын кітаптарының бірі,  көзілдірік арқылы қарайтын – 3D  кітаптары назарларына ұсынылды.  Шараның соңы ортақ суретке түсумен аяқталды. Кішкентай оқырмандарымыз ата аналарымен, аға әпкелерімен келуге уаде беріп тарасты.

  Кітап көрмесі — әдебиетті қару, 72 кітап

 Үйлестіру — «№34 бала бақша» МКҚК басшысы З.В. Пустовая, тәрбиеші  А. С. Ахметова

 Қатысушылар — №34 бала бақшаның «Гүлдер» ересек тобының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері

 Қатысушылардын саны — 21 адам 

Комментарии запрещены.