«Салт-дәстірім – асыл қазынам»

29 ақпан күні «Ұлттық тәрбие — болашақ кепілі» жобасы аясында № 43 орта мектептің 4-сынып оқушыларына «Салт-дәстірім – асыл қазынам» атты салт-дәстүр сағаты өтті. Салт-дәстүр – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мұрасы. Шара дәстүрлі «Шашумен» басталды. Кітапханашылар оқушыларға бала тәрбиесіне байланысты «Шілдехана», «Қалжа», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу», «Атқа мінгізу», «Сүндет той», «Тілашар», т.б. салт-дәстүрлер туралы айтты. Шара соңында «Сиқырлы асық» ойыны өткізілді. Шараға «Халқы мықтың – салты мықты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.