«Ризамын саған, Қазақстаным»

Көктемнің алғашқы күні 1 наурызда қазақстандықтар Алғыс күні мерекесін тойлайды. Бұл күні жақсылық жасап, адамдарға көмектескендерге алғыс білдіру керек. N43 орта мектептің 4-сынып оқушылары кітапхананың мерекелік безендірілген оқу залында Алғыс айту күніне арналған «Ризамын саған, Қазақстаным» атты іс-шараға жиналды. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындауымен басталды.  Мереке қонақтары Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің украина бөлімінің өкілдері, педагог Головчук Т. Ю. және оның тәрбиенушілері. Татьяна Юрьевна барша қазақ халқына, кітапхана ұжымына алғысын білдірді. Тәрбиенушілер украин тілінде өлеңдер оқып, украин биін биледі. Оқушылар «Алғыс» сөзіне мағынасы ұқсас сөздерді ойлап тапты, «Менің Қазақстаным» викторинасына қатысып, Қазақстан тарихынан білімдерін көрсетті. Шара соңында балалар қағаздан жасалған жүректерге алғыс сөздерін жазды.
Шараға «Достықтың дархан ұясы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.