«Сағыныш тамшысы» кездесу кеші

14 тамыз күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасының қызметкерлері «Кешкі кітапхана» жобасы аясында жерлес ақынымыз, жазушы Шолпан Байғалының 75 жас толуына орай «Сағыныш тамшысы» кездесу кешін өткізді. Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Құрметті қонағымыз Шолпан апай шабытты, бақытты сәттері туралы сыр шертті. Ардагерлер кеңесінің төрайымы М. А. Сорокина және оқырманымыз Жуанышева Сауле апай өз ықыласын білдірді. Балалар ақынның өлеңдерін оқып сұрақтарын қойды. Қатысты 32 адам.

Комментарии запрещены.