«Ұлы халықтың – ұлы Абайы»

11 тамыз күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында оқырмандарға Абай күніне орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» поэтикалық марафоны өткізілді. Шара барысында оқырмандарға ұлы ақынның өмірі жайлы қысқаша мәлімет берілді. Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді. Ары қарай оқырмандар Бахыт Жүніс, Жандыбаева Сайлен, Абайдың өлеңдерін оқыды. «Абай дана, Абай дара қазақта» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында барлығы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтады.

Комментарии запрещены.