«Гүлдердің жұмбақ әлемі»

Тамыздың 21 күні кітапхана оқырмандары үшін «Гүлдердің жұмбақ әлемі» атты экологиялық саяхат өткізілді. Балалар кітапханашылармен бірге дала, бау-бақша және бөлме гүлдері туралы әңгімеледі, гүлдер туралы аңыздарды тыңдады. Балалар гүлдер жайлы жұмбақтар сайысына белсене қатысты, әріптерден гүлдердің атын құрастырды, өз қолдарымен аппликациялар жасады, гүлдердің суретін салып, безендірді, викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында балалар табиғатқа қамқорлықпен, сүйіспеншілікпен қарауымыз керек деген ұсыныстарын білдірді. Балалардың назарына кітап көрмесі ұсынылды.

Комментарии запрещены.