«Тарлан талант»

23.08.2023ж. Орталық қалалық кітапханасында қазақ ақыны Тайыр Жароковтың 115 жылдығына орай «Ардагерлер үйі» қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының демалушыларына «Тарлан талант» атты танымдық сағаты өтті.
Шарада қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар көрнекті ақын, екі мәрте «Еңбек қызыл ту»және «Құрмет» белгісі ордендерінің иегері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Тайыр Жараковтың қазақ әдебиетінің дамуына өз үлесін қосқан, Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Руставели және басқалардың шығармаларын қазақ тіліне аударылып, 1938-1942 жылдары Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы, оның есімі Алматының үлкен көшелерінің біріне берілгені жайлы айтылды. Тақырып бойынша «Тау суындай тасқынды» атты бейнебаян көрсетіліп, «Тасқын талант — тарлан жыр» атты ұйымдастырылған кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

Комментарии запрещены.