«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұлы ақын А. Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай-дана, Абай-дара қазақта» әдеби марафон

18 ақпанда   Павлодар ауылы көпшілік кітапханасында   «Рухани жаңғыру» бағдарлама   шеңберінде  ұлы ақын Абай Құнанбаевтың  175-жылдығына орай  «Абай-дана, Абай-дара қазақта»  әдеби марафоны өтті. Марафонға ауылдық  ардагерлер кеңесі , кітапхана оқырмандары, № 40 мектебінің 3б сынып қатысты.  Шараны 6 сынып оқушылары  Бахытбол Акбота және Елешева Айым «Келіншек» күйімен ашты.  Ардагер кеңесінің мүшесі Ошкина Софья Ивановна Абайға.арналған өлеңін оқыды. Кітапханашылар Серғазина Гүлнара   және Шокубаева Гүлнара «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» жедел- ақпаратында   ақынның  өмірі  мен шығармашылығы туралы айтылып, «Әлем таныған ұлы Абай». слайд-презентация көрсетілді. «Өлең сөздің патшасы» мәнерлеп оқу бөлімінде  3″б» сынып оқушылары  Ковригин Иван, Волосятникова Алина, Легович Алексей, Вислогузова Алина, Турсунханова Рузанна, Карпунина Ильзира, Мәуліт Асия, Гаан Аделина, Нуртазина Жанна мен Раум Яна , орыс тілінде жатқа айтты. Кітапханамыздың кішкентай оқырманы  Маршала Кирил Абай өлеңінен үзінде оқыды. Ал 4 сынып оқушылары Болпах Фирая және Шокубаева Айым үш тілде жыл мезгілдерінен   өлеңдерін айтты.  Жас ұрпаққа үлгі ретінде  ардагерлер кеңесінің мүшелері Абайдың қара сөздерін оқып шықты.  Елешева Айым  «Ескендір» поэмасынан үзінді оқыды. Кітапханашылар сыныпты екі топқа бөліп, кроссворд шешкізіп, викторина өткізді. Соңында домбырашылардың сүйемелдеуімен Абайдың әні «Көзімнің қарасы» шырқалды. «Абай мұрасы – халық қазынасы» кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқушыларға кішігірім сыйлықтар берілді. Қатысқан 44 адам.

Комментарии запрещены.