«Абайдың портреті»

2020 ж. ақпанның 18 күні №43 орта мектебінің акт залында 4 сынып оқушыларына №4 балалар кітапханасының кітапханашылары мектеп кітапханашысы Т. Ю. Шуваловамен бірлесіп ұлы ақын , ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайдың портреті» атты сурет сайысын өткізді. Мақсаты: Ақынның шығармашылығымен таныстыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ әдебиетін насихаттау.

№4 Балалар кітапханасының кітапханашысы Мухутдинова Н. К. балаларға ұлы Абай Құнанбаевтың өмірі туралы айтты, ақынның шығармаларымен таныстырды. Оқушылар қазақ тілінде «Қыс», «Жаз», «Күз», «Ғылым таппай мақтаңба» т. б. Абайдың өлеңдерін оқыды. «Сөз асылы – Абай» атты кітап көрмесі безендірілді, шолу өткізілді.

Залдын қабырғасында балалардың суреттері ілініп тұрды. Қатысушылардың кол шапалағы арқылы Абайдың ең әдемі портреттері таңдалынды. Жеңімпаздарға жұмсақ ойыншықтар сыйға тартылды. Қатысқан 70 оқ.

Комментарии запрещены.