«Абай- дана, Абай-дара»

17  ақпанда № 16 балабақшаның   даярлық тобының 26 балаларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай- дана, Абай-дара»  танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты:  балаларды ұлы ақын, жазушы, композитор – Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Абайдың мол мұрасы, нақыл сөздері өскелең ұрпақта рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптастыру үшін аса қажет. Балабақша – білім мен тәрбие берудің алғашқы баспалдағы. Сол себептен Абайдың шығармашылығымен бүлдіршіндер ең алдымен осы балалар бақшасында танысуы тиіс.

Жүргізуші № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна балаларды  Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Ақынның балалық шағы туралы айтты.  Балалар Абайдың «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры», төрт мезгілге арналған өлеңдерімен танысты. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін тыңдады. Жүргізуші Абайдың қара сөздері туралы айтты. Шара соңынды кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.