«Абайды оқы –таңырқа!»

18  ақпанда № 21 ЖОБМ мектеп кітапханасымен бірлесіп  3 «А» сыныптың  17 оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абайды оқы –таңырқа!»  әдеби сағаты өткізілді. Мақсаты:  Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру, Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.

Жүргізушілер № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна мен Шахманова Ақбота Жазкеновна балаларды  Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар «Қазақ даласының сұңқары-Абай Құнанбаев» бейнеролигін тамашалады. Оқушылар Абайдың «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба» т.б. өлеңдерін оқып, «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Жүргізушілер Абайдың қара сөздері туралы айтты. Қайырбек Маржан жетінші қара сөзінен үзінді оқыды. «Абай әлемі» бейнеролигі көрсетіліп, оқушылар Абай Құнанбаев туралы викториналық сұрақтарға жауап берді.  Шара соңынды кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.