Рухани ағартушы кесенесі

2021 жылы 21 мамырда М. Жаманбалинов атындағы орталық  балалар кітапханасы Instagram және Фэйсбук жазылушыларына «Ертістің Павлодар өңірінің киелі жерлері» жобасы аясында  «Ертіс Павлодар өнірінің мәдени және діни қайраткерлерінің мұрасы» бағыты бойынша «Рухани ағартушы кесенесі»    библиокеруенін өткізді. Шара барысында Ғабдыл-Уахит хазірет кесенесі жайлы әңгімеленді.

Ғабдыл-Уахит хазірет (1853–1926) – ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында өмір сүрген белгілі діни қайраткер. Ислам дінін насихаттаушы, хазірет Ғабдул-Уахит Павлодар облысы Шарбақты ауданының «Келдіқыз» жайлауында дүниеге келген. Алты жасынан бастап ауыл молдасынан  дәріс алады. «Әлем-араб» медресесін  1888 жылы бітіріп, хазірет атағына ие болып, туған еліне оралды. Есілбай ауылында Темірғалы болыс салдырған мешіттің имамы әрі ұстазы болған. Ғабдыл-Уахит хазірет  кесенесі «Ертіс орманы» мемлекеттік орман-табиғи резерваты аумағындағы Шарбақты ауданы,  Арбиген ауылында орналасқан. 1953 жылы хазірет жерленген жерге мазар тұрғызылды. Алайда орманда болған өрттердің залалы бұл киелі нысанға да тиді. Сондықтан 2012  жылы ескі кесененің орнына жаңадан салынды.

Комментарии запрещены.