«Майраның үнді дауысы»

2021 жылы 24 мамырда М. Жаманбалинов атындағы орталық  балалар кітапханасы Instagram және Фэйсбук жазылушыларына «Ертістің Павлодар өңірінің киелі жерлері» жобасы аясында  «Ертіс Павлодар өнірінің мәдени және діни қайраткерлерінің мұрасы» бағыты бойынша Майраның әншілік өнерін халыққа насихаттау және  Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылық мұражай-үйін таныстыру мақсатында «Майраның үнді даусы» іс-шарасын өткізді. Биыл мұражайдың ашылғанына 20 жыл толды. Кітапхана қызметкерлері мұражайға барып  бейнебаян түсірді.

Музей жетекшісі Рахимов Ерлан Майраның өмірі мен шығармашылығы жайлы туралы мәліметтер айтып берді. Майраның әншілік өнерін халыққа насихаттау мақсатында 2001 жылдың 30 қаңтарында Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылық музей үйі, Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде ашылды. XX ғасырдың басындағы белгілі көпес Абдул Фатах Рамазановтың  1900 жылы салынған ғимараты. Бұл ғимарат қазіргі танда  архитектуралық ескерткіші екені туралы әңгімеледі.

Мұражайда Майраның өмірі мен шығармашылығын көрсететін фотолар мен құжаттары, тұрмыста өзі пайдаланған заттары, замандастарының фото құжаттары және майратанушылардың зерттеулері қойылған.
Бейнебаян соңында Павлодар қаласы,  Балалар өнер мектебінің оқытушысы, дәстүрлі әнші Кисатова Салтанат Тасбулатқызы жетекшілігімен -Ақсу қаласының № 2 ЖББОМ, 4 сынып оқушысы Қуатова Жанельдің орындауында Майра Шамсутдинованың  «Майра» әні орындалды.

 

Комментарии запрещены.