«Оқу көшбасшылары»

     ҚР Тәуілсіздігінің 30 жылдығына, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың 125 жылдығына және республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Оқу көшбасшылары» атты қалалық мәнерлеп оқу чемпионаты болып өтті.

Шараға ИнЕу дің жоғарғы колледж студенттерінің қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 2 курс  студенттері және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия интернатының, №25 жалпы білім беру мектебінің оқушылары қатысты.

Іс шара барысында 2021 жылғы «Бір ел -бір кітап» акциясы бойынша таңдалған 30 әдебиеттің проза және поэзия бөлімі барысында өткізілді. Қатысушылар екі турдада белсенділік танытты.

Әділ қазылар алқасының төрағасы «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі, ақын Тілеуберді қатысушыларды кітап оқуға, әрдайым білімдерін жетілдіріп отыруға кеңес беріп, алғыс білдірді.

Бүгінгі іріктеу турының жеңімпазы ИнЕу дің студенті Бекболат Арсен жеңімпаз атанып, қыркүйек айында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өтетін  қортынды чемпионатқа жолдама алды.

Комментарии запрещены.