«Қызықты ғылымдар әлеміне кітаппен» атты кітап көрме-нұсқаулық

2020 жылдың 6 ақпанында № 4 көпшілік кітапханада № 18 орта мектебінің 3«В» сынып оқушылары үшін шара өтті. Жүргізуші Гүлнар Декдарбекқызы Мұхтарханова «Кітаппен қызықты ғылымдар әлеміне» атты кітап көрме-нұсқаулыққа шолу жасады. Бұл шараның мақсаты — кітапқа деген қызығушылықты ояту. Жарыс ойын түрінде өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп, тапсырмалар алды. Іс-шара барысында қызықты ғылымдар тақырыбында ойын өткізілді. Балаларға бұл тақырыптар бойынша викторина өте ұнады. Барлығы белсенді қатысты. 25 оқушы болды.

Комментарии запрещены.