«Кірқоймаста қонақта»

2020 жылдың 6 ақпан күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының коворкинг орталығында  № 5 мектеп 1 сынып 17 оқушылары үшін  «Кірқоймаста қонақта» атты ойын-сайыс бағдарламасы өткізілді.

Жүргізушілер Кірқоймас, дәрігер және кітапхана оқырманы кірқожалақ бала Жомарттың рөлін ойнаған «Кірқоймас» ертегісіндегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп театрландырылған қойылымы көрсетілді. Балаларға  тазалық гигиенасы ережесі туралы әңгімеленді. Кірқожалақ Жомарт өзінің рөлімен және түрімен балаларды күлдіріп, көңілдерін көтерді. Шара барысында «Денсаулық-зор байлық» бейнеролик көрсетіліп, балалар бірнеше ойынға белсенді қатысты. Осы тақырыпқа байланысты тақтада жазылған ребустар, сөзжұмбақтар шешті.  Шара соңында «Күшік пен мысық» қуыршақ қойылымы қойылды.

Комментарии запрещены.