«Көктемгі істер, бақшалық істер»

5 ақпан күні сағат 15.00-де Ленин кентінің коворкингіңде кітапханашылар «Огородник» клубы мүшелерінің «Көктемгі істер, бақшалық істер» отырыстарын өткізді.

 Мақсаты: клубпен жұмысты жалғастыру, ауылдық оқырмандардың бос уақытын ұйымдастыру, бау-бақша бойынша мерзімді басылымдармен және әдебиеттермен таныстыру. Клуб мүшелерінің кездесуін кітапханашы Г. В. Цаплина өткізді.

Қысқа қысқы үзілістен кейін ауыл тұрғындары өздерінің егіс алдындағы және егіс жұмыстарына қайта оралады. Бүгінгі кездесуде топырақты тұқым себуге дайындау туралы сөз болды. Клуб қатысушысы Сидоренко Тамара құнарлы топырақты қалай дұрыс дайындау керектігін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті, ал Майстренко Ольга тұқымдардың өнгіштігін анықтау тәжірибесімен бөлісті. Сұнғатова Ғалия тексерілген тұқымдарды пайдалану жақсы нәтиженің кепілі болып табылады және ол өз тұқымдарын қалай дайындайды және сатып алынатын будандарды неге пайдаланатынын айтты. Клуб қатысушылары тұқымның артығымен өзара бөлісті.

Кітап-журнал көрмесі «Моя прекрасная дача», «Приусадебное хозяйство» атты жаңа мерзімді басылымдарды қамтыды. 10 адам қатысты.

Комментарии запрещены.