«Қазақтың ұлы ғалымы»

11 сәуір күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің 2 курс студенттеріне академик, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Қазақтың ұлы ғалымы» атты портрет кешін өткізді. Академик Қ.И. Сәтбаев – энциклопедиялық білімі бар ХХ ғасырдың ғұламасы. Ол өз заманының сан алуан салалар мен тарауларға бөлініп, жоғары дамыған ғылымының бәрінен хабардар болды. Әр ғылым саласының заңдары мен байлығын ашып, халық игілігіне пайдалануға қалтқысыз еңбек етті. Іс-шара барысында ғалымның өмірбаяны тұралы айтылып, ғылыми еңбектеріне арналған шолу жүргізіліп,  оқушыларға ғалымның өміріндегі қызықты деректер айтылды. Студенттер «Қаныш Сәтбаев – қазақ ғылымының атасы» атты кітап көрмесімен таныстырылды.  Сондай-ақ, «Қаныш Сәтпаев — Планетарлық деңгейдегі тұлға» атты деректі фильмі көрсетілді. Кеш соңында студенттер викторина сұрақтарына жауап беріп, кештен алған әсерлерімен бөлісті.

Комментарии запрещены.