«Көкөністер мен жемістердің дауы»

10 сәуір күні «Кітаппен бірге өсеміз» жобасы аясында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай А. Байтұрсынов атындағы инновациялық үлгісіндегі орта мектептің 3 сынып оқушыларына «Көкөністер мен жемістердің дауы» экологиялық ертегісі өткізілді. Кітапханашылар мен балалар Н.Семенованың «Көкөністер мен жемістердің дауы» өлеңін сахналады. Балалар көкөністер мен жемістердің құрамындағы витаминдер туралы, денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану туралы білді. Балалар жұмбақтар шешіп, ойын ойнап, кітап көрмесіне қойылған кітаптармен танысты.

 

Комментарии запрещены.