«Қазақстан ғалымдары және олардың ашылулары»

11 сәуір күні сағат 12.00-де № 3 көпшілік кітапхананың қызметкерлерімен геолог-ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, академик, әлемдік аты бар ғалым, Қазақстан ғылымының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақстан ғалымдары және олардың ашылулары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Қ. И. Сатпаевтың өмірімен және қызметімен таныстыру, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның белгілі ғалымдарына назар аударту. Іс-шараға № 31,32,33 мектептердің жоғары сынып оқушылары, мектеп оқытушылары, Павлодар облысының құрметті азаматы М. Д. Демесинов, Атамекен кентінің тұрғындары қатысты. Қатысушылар М.Д. Демесиновтың ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі, Қ. Сәтпаевтың үйіне баруы туралы әңгімесін қызығушылықпен қабылдады. Іс-шараға қатысушылар Ғалым туралы білімдерімен бөлісті. «Сәтпаев планетасы» деректі фильмі көрсетілді, онда Қ. Сәтпаевтың геологиялық зерттеулерді дамытуға, ірі мыс және марганец кен орындарын игеруге қосқан зор үлесі, сондай-ақ жезді марганец кен орнының ашылуы туралы айтылды. Кітапхананың оқу залында «Қазақ халқының ғалымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кездесу танымдық және қызықты форматта өтті.

Комментарии запрещены.