«Қазақтың әнші бұлбұлы»

13 қарашада  № 21 ЖОБМ  9 «Б» сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында , әнші, қазақтың халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына орай «Қазақтың әнші бұлбұлы» музыка сағаты өткізілді. Мақсаты: қазақтың  халық әншісі Бибігүл Төлегенованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Қатысқандар 22 адам.

Жүргізуші № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна балаларды әнші, қазақтың халық әртісі Бибігүл Төлегенованың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Оқушылар «Орталық редакция: Бибігүл Төлегенова» бейнероликті тамашалады. Бибігүл Ахметқызы Төлегенова — қазақ әншісі, КСРО халық әртісі. 1954 жылы Қазақ консерваториясын  бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады. 1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді. Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Ары қарай  балалар «Бұлбұл», «Гәкку» т.б. әндерің  тыңдады. Шара соңында «Әншінің бұлбұл дауысы» слай- презентациясы көрсетілді.

Комментарии запрещены.