«Менің мамандығым – менің болашағым»

       Қарашаның 14 күні №4 б/кітапханасының оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мамандығым – менің болашағым» атты кәсіби шеберлік сағатын өткіздік. Шараға музыкалық колледжінің қазақ халық аспаптары бөлімінің оқытушысы, Р. Омаровтың атындағы қазақ халық аспаптар оркестрдың әртісі Макишева Сайран Балғабаевна шақырылды. Шараның мақсаты: балаларды әр түрлі мамандықтармен таныстыру, мұғалім мамандығын ұнатуға дағдыландыру, қазақ мәдениетін насихаттау. Шараға «Мамандық әлемінде» атты кітап көрмесі безендірілді. Қонағымыз Макишева Сайран Балғабайқызы өз мамандығын таңдауы туралы, музыкалық мектепке түсу жолдары туралы айтты, балаларды қазақ ұлттық аспабымен — домбырамен таныстырды, қазақ күйін орындады. Оның шәкірттері музыкалық колледжінің студенті Қарбаева Альбина және музыкалық мектебінің 5 сынып оқушысы Омарова Жансая Құрманғазының «Балбрауын» және «Адай» күйлерін орындады. Оқушыларға мамандықтар туралы слайд көрсетілді, «Сөзді жалғастыр», «Кинофильмдердегі мамандықтар» викториналар ұсынылды. Кітап көрмесінен шолу өткіздік. 25 оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.