«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» әдеби кештің есебі

2019 жылдың 13 қарашасында Павлодар  қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Орталық балалар кітапханасына жерлесіміз, балалар ақыны М. Жаманбалиновтың  95 жылдығына орай ресми түрде есімі берілді. Кешке М. Жаманбалиновтың қаламыздың зиялы қауым өкілдері, ақынның замандастары, Ертіс ауданының ресми өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар бойынша филиалының мүшелері, балалары, немере-шөберелері, БАҚ өкілдері қатысты. Кеш барысында кітапханада ақын-жазушы М. Жаманбалиновқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жазушының кітаптары, газет-журналдарға шыққан мақалалары мен туындылары, ақын туралы естеліктер суреттер қойылды. Кеш барысында замандастарының естеліктері тыңдалып, қала көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы тамашаланды.

Қатысқандар саны   60 адам

Комментарии запрещены.