«Қазақстан жері таланттарының бастауы»

21.02.2020 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл кітапханасымен бірлесе отырып, Абайдың 175 жылдығына арналған «Қазақстан жері таланттарының бастауы» атты әдеби-сазды кеші өткізілді.

Кешке ауыл ақсақалдары  мен мектеп түлектері де шақырылды. Мерекеміз «Қазақ халқының Ұлы перзенті» фильмімен басталып, «Абай күні» науқанында өткізілген бір күндік шара көрсетілді.  Әдеби кеш 3 кезеңнен болды. Ауылдық кітапхананың кітапханашысы Оспанова Екатерина Васильевна кеш қонақтарымен таныстырды.  Бірінші кезеңде шараға келген қонағымыз Абайтанушы — Асенов Данияр Сабырұлы дана Абайдың шығармаларын насихаттай отырып, қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқыса, Павлодар қаласының «Орталық кітапхана жүйесінің» басшысы- Кемешова Нұргүл Бекболатқызы Абай мұралары жайында ой қозғады. Оқушыларымыз Абайдың өлеңдерін  мәнерлеп оқыды.  Кештің  екінші кезеңінде мектебіміздің түлектері өз туындыларын «Абайға арнаған арнауларын» оқыды. Үшінші кезеңде Абайдың  шығармашылығы оқылып, «Ескендір поэмасынан» көрініс көрсетілді.  Кеш соңы «Көзімнің қарасы»әнімен қорытындыланды.

Комментарии запрещены.