«Бастау…өткенге саяхат»

20  ақпанда № 3 балалар кітапханасында № 21 ЖОББМ 6 «Б» сыныптың 17 оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақ хандығының 555 жылдығына орай «Бастау…өткенге саяхат». (Қазақ хандығына -555 жыл) ретро көзқарас өткізілді. Мақсаты: 1. Тарихи оқиғаларды, батырлардың өмірбаяндарын зерделеуді жандандыру. 2. «Тарих» пәніне оқушылардың қызығушылықтарын дамыту. 3. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, туған еліне, туған жеріне, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Шараны кітапханашы  Калиева Динара Амангельдинова қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары Керей мен Жәнібек туралы  қысқаша тарихқа саяхат жасаумен бастады. Сондай-ақ, қазақ хандығының құрылымы, оның басқару жүйесі мен дәстүрлері туралы айтылды. Бұл дәуірде билеген басқа да кейбір хандар туралы қысқаша баяндалды. Балалар қазақ халқының тарихы және қазақ хандығының тарихы туралы кітаптармен танысты. Көрмеге Қазақстан тарихы бойынша қазақ және орыс тілдерінде қазақ хандығы, қазақ батырлары, шығыстың ұлылары серия кітаптары қойылды. Немлиенко Ольга Сергеевна оқушыларға «Ғасырлар тереңінен…»  сұрақ-жауабын өткізді.  Балалар сұрақ-жауапқа белсене қатысты. Шара соңында «Қазақ хандығы» бейнеролигі көрсетілді.

Комментарии запрещены.