«Ниязовтың күміс фотосуреттері»

21.02 күні №2 балалар кітапханасының оқу залында  М. Әуезов атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебінің 8 «А» сынып  оқушылары үшін фото-суретші, ҚР, РФ Суретшілер Одағының мүшесі Е. Ниязовтың туғанына 80 жыл (1940-2009) толуына арналған «Ниязовтың күміс фотосуреттері» атты өнер сағаты өткізілді. Шара барысында кітапхана қызметкері Кенесбаева Гүлбану Калымовна жалпы фотоөнері және фотография туралы әңгімелеп, фото өнерінің тарихы жайлы бейне материал көрсетті. Қаламызда атағы шығып алыс-жақын шетелдерде танымал болған Едіге Ниязовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндалып, осы тақырыпта документальді фильм көрсетілді. Қазірге күні де қаламызда жұмыс істейтін «Вега» фотомектебі таныстырылды.  Шара қызықты әрі танымды өтті.

Комментарии запрещены.