«Мамандық сыры неде?»

21 ақпан күні М.Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасы коворкингінде №5 ЖОББМ-нің 10 «а» сынып оқушылары үшін «Мамандық сыры неде танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық мамандықтар туралы білімдерін кеңейту.

Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина әңгімені кім боламын?, бұл өмірде қалай қалыптасып, қандай боламын? және соңғысы, өмірдің ең маңызды мәселелерінің бірі бойынша түпкілікті шешімді қалай қабылдауға болады? Деген сұрақтардан бастады. Ал бүгінде әлем бойынша 50 мыңнан астам мамандықтар бар екен. Содан кейін «Мақалды аяқта» және «Мамандықты тап» ойындарын өткізді.

Павлодар қ., мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қалалық демалу орталығы» мәдени-бұқаралық шаралардың методист-ұйымдастырушысы және «Домовята» театр шеберханасының көркемдік жетекшісі Жанна Баженова кітапхана қонағы болды. Балалар, ол кісінің өзінің өмірлік істері жүзеге асырлуы үшін, осы мамандықты неге таңдағаны туралы және де осы таңдауына көңілі тола ма? Бұл мамандық ерекше дағдылар мен қасиеттерді қажет ете ме?; ол өзін біздің елімізге қаншалықты пайдасы тиіп жатқаны және маңыздылығы зор ма?; оның мамандығы қаншалықты жақсы қаражатты әкеледі? деген және т.б. көптеген сұрақтарға жауап берді.

Шара соңы «Тұлға түрінің жедел-диагностикасының психогеометриялық тестілеуі» өткізілуімен аяқталды. Бұл тест балаларға қандай тұлға екендігі туралы жалпы түсінік берді және олар «Мамандықтар әлемі» қойылымын тамашалады. Қатысушылар саны — 25 адам.

Комментарии запрещены.