«Қастеев қазыналары»

11.01.2024 ж. графикалық суретші, Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай Н. Нұрмұхаммедова ат.Павлодар облыстық өнер мұражайымен бірлесіп «Қастеев қазыналары» өнер сағаты өтті.
Кітапхана қызметкері суретшінің қазақ кескіндемесінің пайда болуы мен қалыптасуын, өмірі мен өнер әлеміне алғашқы қадамдары еңбек жолымен байланысты екендігі жөнінде айтып өтсе, облыстық мұражай өнертанушысы Апалимова Татьяна Әбілхан Қастеевтің шығармашылық жолы туралы ерекше тоқталып өтті. Қонақтардың назарына «Қазақтың қылқалам шебері» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Комментарии запрещены.