«Шоң би Едігеұлы»

10.01.2024 ж. Орталық қалалық кітапханасының қызметкерлері С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушылары үшін қазақ тарихындағы ұлы тұлға, би Шоң Едігеұлының 270 жылдығына орай «Шоң би Едігеұлы» атты тарихи сағатын өткізді.
Іс-шара барысында қазақтың көрнекті биі, Баянауыл сыртқы округінің алғашқы Аға сұлтаны, «Төрт ұлы» одағының төбе биі, ХІХ ғасырдың басындағы Ертіс-Баян өңірінің тарихында ел билеген, өнегелі ісімен өшпестей із қалдырған тарихи тұлға Шоң би Едігеұлының өмірі мен еліне жасаған қызметі жайлы айтылды, сонымен қатар тақырып бойынша викториналық ойын өткізіліп, «Шоқтығы биік Шоң би» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, «Шоң би Едігеұлы: Қарадан шығып хан болған» атты бейнефильм көрсетілді.

Комментарии запрещены.