«Бояулар сыры»

16.01.2024 ж. Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Павлодар облыстық музейінің өкілі Татьяна Юрьевна Апалимовамен бірлесіп, С. Торайғыров атындағы мектептің 10-11 сынып оқушыларына Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Өнер академиясының академигі Қабдыл-Ғалым Насырұлы Қаржасовтың туғанына 70 жыл (1954-2016) толуына арналған «Бояулар сыры»атты өнер сағатын өткізді.
Суретшінің шығармашылығы мен бүкіл өмірі Павлодар Ертіс өңірімен байланысты болғанын және оның бейнелеу өнері ерекше бола беретінін білеміз. Қ. Н. Қаржасов қазақ сәндік-қолданбалы өнері бағытында сұлулықты көре және түсіндіре біліп, көңіл-күйді, түс пен жарық арқылы дәл жеткізген. Бұл суретшінің бейнелеу өнеріндегі көп қырлы жолы екенін білдіртеді. Оның шығармаларының көп бөлігі Қазақстанның ірі мұражайларының қорларында және Германия, Франция, Израиль елдерімен қатар, басқа елдердің жеке коллекцияларында да орналасқан. Сонымен қатар, суретшінің шығармаларынан «Көңіл пернесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.