«Қайта оралған есім»

Ақпанның 26 күні «Кешкі кітапхана» жобасы аясында № 2 мектептің  8 сынып оқушыларына жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 ж. мерейтойына арналған «Қайта оралған есім» атты әдеби сағаты өткізілді.Ж. Аймауытов 1889 ж. Павлодар облысында Баянауыл ауданында дүниеге келген. Көп жанрлы жазушы, қоғам қайраткері, қазақ тіліндегі драматургия мен романның негізін салушы, ғалым, ағартушы, психолог, сахна өнерінің негізін салушы. «Алаш» партиясының мүшесі. Қысқа ғұмырында көптеген шығармалар жазды: «Ақбілек», «Қартқожа» романдар, «Күнекейдің жазығы» повес, «Нұр күйі» поэма, «Рабиға», «Шернияз», «Қанапия мен Шәрбану» пьесалар, «Мансапқорлар», әңгімелер, өлеңдер, ғылыми мақалалар, т.б. Автор өз шығармаларында кейіпкерлерінің тағдыры арқылы 20-ғасыр басындағы қазақ халқының қасіретін көрсетіп, әйел теңдігі тақырыбын қозғап, жастарды ғылым мен білімге тартады.Шараға кітап көрмесі мен слайд дайындалды.

Комментарии запрещены.