«Шәкәрім оқулары»

27.02.2024 ж. Балалар мен жасөспірімдер арасында ақын, аудармашы, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында қалалық «Шәкәрім оқулары» байқауы болып өтті. Байқау алдын-ала берілген ақын шығармаларын қаншалықты көбірек жаттағандықтары және мәнерлеп оқу қабылеттерімен бағаланды.   Озық оқушылардың арасынан шын жүйрікті анықтауға әділ қазы ретінде ақын, журналист Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы — Байғалы Шолпан Байғалықызы,  филология ғылымдарының докторы, профессор, Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы, Қазақстан журналистер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Болат Советұлы Аманбаев, Абай және Шәкәрім, Махамбет оқуларының жүлдегері, дарынды балаларға арналған музыкалық колледждің 2 курс сдуденті Ғазиз Сержанұлы Хавалхаг қатысты. Шараға Шәкәрім шығармаларының шуағына шомылған жиырмадан астам қалалық мектеп оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Байқаудың жеңімпазы жүзден жүйрік шыққан, Рустамова Райхан № 33 жалпы орта білім беру  мектебі жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Қатысушылар арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.

Комментарии запрещены.