«Павлодар Ертіс өңірінің көрнекті әншісі»

9 қаңтар күні №2 мектептің 8-сынып оқушыларына №4 балалар кітапханасының кітапханашылары Естай Беркімбаевтың 155 жылдығына арналған «Павлодар Ертіс өңірінің көрнекті әншісі» атты музыкалық сағатын өткізді. Кітапханашылар ақын, әнші, композитор Естайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап, кітап көрмесіне шолу жасады. Балалар «Естай-Қорлан» қойылымына қатысып, Естайдың «Құсни, Қорлан», «Наз қоңыр» әндерін тыңдады, сонымен қатар Естай Беркімбайұлы туралы «Әнмен өрілген ғұмыр» фильмін тамашалады.

Комментарии запрещены.