Жюль Верннің шытырман әлемі

7 ақпан күні біздің кітапханамызда «Кешкі кітапхана» жобасы аясында ғылыми-фантастикалық роман жанрының және таңғажайып оқиғалардың негізін қалаушылардың бірі — танымал француз жазушысы Жюль Верннің 195 жылдығына арналып «Жюль Верннің шытырман әлемі» атты саяхат ойыны  № 25 ЖОББМ 3 сынып оқушыларымен өткізілді. Кеш барысында балалар жазушының қысқаша өмірбаянымен, танымал шығармаларымен, бейнефильммен танысып, ойындар ойнады. Сонымен қатар кітапхананы пайдалану ережелерін анықтады.

 

Комментарии запрещены.