«Пришвин кітаптарының беттерінен»

2023 жылдың 8 ақпан күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында    № 15 ЖОМ 4 сынып оқушылары  үшін орыс жазушысы Михаил Михайлович Пришвиннің 150 жылдығына арналған «Пришвин кітаптарының беттерінен» әдеби ойыны өткізілді. Мақсаты: М.М. Пришвиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; оқырмандардың қызығушылығын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту. Бағдарламада: «Жазушы М. Пришвиннің мерейтойына» виртуалды көрмесі аясында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме; «Балалар мен үйректер» аудиофильмін көру; «Жаз дауысы» байқауы; «Егер мен орманға келсем» ойыны; «Пришвиннің  күн қоймасы» ертегісі буктрейлерін көру және ол бойынша викторина; онлайн- «Күн қоймасы» әңгімесі бойынша викторина. Іс-шара М.Пришвиннің «Өнертапқыш» әңгімесі бойынша мультфильм көрумен аяқталды.

Комментарии запрещены.