«Отбасы – бақыт мекені»

8 қыркүйек күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкері № 27 ЖОББМ 3 сынып оқушыларына Қазақстандық отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты ойын-сайыс бағдарламасын өткізді. Бағдарламаның мақсаты: оқушыларға отбасының рөлін түсіндіру. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Жүргізуші балаларға отбасының адам өміріндегі рөлін түсіндірді. Сүйіспеншілікке толы отбасы — бақытты өмір сүрудің сенімді негізі. Ол әрқашан қазақ халқының мәдени және рухани дәстүрлерінің сақтаушысы болған және болып қала береді. Отбасы күні адам үшін ең құнды байлық – бұл туыстары мен жақындары екенін еске салады. Іс-шара барысында балалар екі топқа бөлініп түрлі сайыстарға қатысты. Бағдарламада: «Ашық микрофон» сұрақтарға жауап беру, Отбасы туралы мақал-мәтелдер сайысы, Отбасына арналған жұмбақтар шешу, «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салу, логикалық сұрақтарға жауап беру, Кім жүйрік! Кім епті!, «Отбасы» сөзжұмбақ шешу ойын-сайыстары өткізіліп, шара соңында «Менің отбасым» бейнебаяны, «Бақытты отбасы үлгісі» мультфильмі көрсетілді. Оқушылар ойынға белсене қатысты.

Комментарии запрещены.