«Дәуір жазушылары»

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу ұсынылған болатын. Осыған орай, 12 қыркүйек күні №3 көпшілік кітапханада «Дәуір жазушылары» әдеби портрет кеші ұйымдастырылды. Шараға № 31,33 мектеп оқушылары қатысып, жазушының «Көрші», «Қонақтар» атты әңгімелеріне тоқталып, сюжеттік мағынасын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Кітап көрмесі жасақталып, аталмыш көрмеге жазушының мақалалары, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәліметтер мен кітаптары қойылды.

Комментарии запрещены.