«Кітап пен отбасы мәңгі бірге»

7 қыркүйек күні сағат 12.00-де Қазақстанда Отбасы күніне орай № 3 көпшілік кітапхананың ұйымдастырумен «Кітап пен отбасы мәңгі бірге» отбасылық мереке өткізді. Отбасылық демалыс — отбасы мүшелерінің ерікті және бірлескен қатысуын қамтитын бос уақыттың бөлігі. Іс-шараның мақсаты кітапханаға тарту, балаларды тәрбиелеуге көмектесу, бос уақытты ұйымдастыру, отбасылық оқу дәстүрлерін қалпына келтіру болды. Шараға Советхан, Бекшегеновтар, Сұңғатова отбасылары қатысты. Олар «Жанарымдағы сол бір әуен», «Білгенге – маржан…», «Жұмсақ қол», «Блиц-опрос» атты кезеңдерде белсенділік танытып, өздерінің шеберліктерін, жоғары деңгейде көрсете білді.

Комментарии запрещены.