«Өнердің өшпес ордасы»

24 маусым күні кітапханамызда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің 50 жылдығына арналған «Өнердің өшпес ордасы» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – музейдің тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау, өнердің қоғамдағы маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқырмандардың өнерге деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында қатысушылар музейдің құрылу тарихымен, оның еліміздің мәдени өміріндегі орны мен маңызымен танысты. Сондай-ақ музей қорында сақталған бірегей өнер туындылары, қазақ бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі туралы мағлұмат берілді. Оқырмандарға қазақтың көрнекті суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы жайында ақпарат ұсынылып, оның еңбектері туралы бейнематериал көрсетілді. Іс-шара соңында қатысушылар тақырыпқа байланысты дайындалған кітап көрмесімен танысты.

Комментарии запрещены.