Әкелер күніне орай «Әкемен бірге керемет!» атты ойын-викторинасы өткізілді. Балалар әлемнің көптеген елдерінде маусым айының үшінші жексенбісінде Әкелер күні атап өтілетінін білді. Балалар әкелеріне арналған өлеңдерді үлкен ықыласпен оқыды. «Әкемнің құралдары» атты жұмбақ-викторинасы ерекше қызығушылық тудырды. Онда балалар түрлі құралдардың атауларын тауып, олардың не үшін қажет екенін айтып берді. «Әкемен бірге не істеуге болады?» атты ойынды балалар көңілді әрі белсенді өткізді. Олар әкелерімен бірге істейтін сүйікті істерін атады: серуендеу, балық аулау, спортпен айналысу, жөндеу жұмыстарын жасау, саяхаттау және т.б. «Менің әкем қандай?» ойынында балалар әкелерін сипаттайтын жылы сөздерді таңдады: күшті, мейірімді, батыл, қамқор, еңбекқор және т.б. Балалар назарына отбасы, достық, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы кітаптар қойылған көрме ұсынылды. Іс-шара соңында барлығы бірге «Әке бәрін де жасай алады…» әнін орындады. Іс-шара балаларға әкелерінің өміріндегі маңызды рөлі туралы ойлануға көмектесті.
















