«Өмір ізімен»

16 қазан күні Орталық балалар кітапханасындағы коворкинг орталығы оқу залында  кітапханашылар № 5 ЖОББМ-нің 6 «г» сынып оқушыларына қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 95-жылдығына арналған «Өмір ізімен» атты әдеби сағатын өткізді. Мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру, шығарманың эмоционалды тонын түсіне білу; оқу және қайталау дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу қабілетін жетілдіру, кейіпкерді сипаттай алу; мәтін бойынша жұмыс жасай алу қабілеті. Балалардың достық деген не және нағыз достың қандай болу керектігі жөніндегі ойларын анықтау; ұжымның тату қалыптасуына ықпал ету.

Жүргізуші-кітапханашылар оқушыларды талантты автордың өмірбаянымен және оның шығармашылығымен таныстырды. Шара барысында оқушыларға арнап Құрманғазының «Сарыарқа» композициясының  фрагменті тыңдалды. Содан оқушылар осы күйді тыңдап отырып, өздерінің табиғатты қалай елестетіп, суреттегенін айтулары керек болатын. «Менің атым Қожа» фильмінің буктрейлері тәлім-тәрбиеге толы көрінісі кітап бойынша көрсетілді. «Қожа және оның достары» атты сұрақ-жауапта балалар осы туынды туралы не білетіндерін, осы туындыдағы ұнататын кейіпкерлері туралы және қызығушылықтары туралы айтып, жауап берді.

Шара соңында оқушыларға «Өмір ізімен» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, Б.Соқпақбаевтың шығармалары бар кітаптар да көрсетілді.

Комментарии запрещены.