«Татулық – өмір негізі»

2019 жылдың 16 қазан күні Орталық балалар кітапханасының коворкингінде  № 5 ЖОББМ-нің 6 «а» сынып оқушыларына арналған «Татулық – өмір негізі» атты рухани сағатын өткізді. Мақсаты: «төзімділік» сөзімен таныстыру және бір-біріне деген сыйластық сезімдерін дамыту.

Жүргізуші-кітапханашы  Микушина Любовь Степановна балаларға кездесуіміз бірге өмір сүруді үйрену, бір-бірімізді осы қалпымызда қабылдауға және бір-бірімізбен түсінісуімізді үйренуге арналғанын ұғындырып, түсіндірді. Және де «Қане, бір-бірімізге сәлем берейік» ойынын ойнауға ұсынды. Оның мақсаты – әлемнің әртүрлі халықтары арасындағы сәлемдесу тілінің алуан түрлілігін көрсету. Содан кейін оқушылар «Барлығы өз қолыңда» астарлы әңгіме – мультфильмін қарап, «Біз немен ұқсаймыз» жаттығуына қатысты.

Бағдарлама жалғасында: Қазақстандағы Рухани келісім күні туралы әңгімелесті; «Рухани татулық – бірлік пен шоғырланудың негізі» және «Әртүрлі ұлттардың балалары» бейнероликтерінің қаралуы; «Жақсы отбасы» астарлы әңгімесімен танысу; «Бұл не болды екен?» ойынына балалардың белсене қатысулары, «Қалып қойған сөзді орнына келтір» мақалдар сайысына қатысулары, «Афоризмдарды қос» сайысы; Оқушылардың «Төзімділік деген не» өлеңін оқулары; «Цветик-семицветик» мультфильмінің қаралуы.

Қатысушылар саны — 28 адам.

Комментарии запрещены.