«Күзгі серуен» қоңыр күз вальсі туралы ақпараты

17 қазан күні Орталық балалар кітапханасының коворкингінде  №85 балабақшаның дайындық тобы бүлдіршіндеріне арналған «Күзгі серуен» атты қоңыр күз вальсін өткізді. Мақсаты: балалардың ой-өрісін кеңейту; жыл мезгілдерімен таныстыру; табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Шара «Алтын күз» мульт-өлеңінің бейнеролигінің қаралуымен басталды. Содан кейін жүргізуші-кітапханашы Микушина Любовь Степановна балаларға тамаша жыл мезгілі – күз туралы айтып беріп,  өлеңдер оқыды. Және балаларға шараның конкурстық ойындарына қатысуларын ұсынды. Олар: «Күзгі мотив» пен «Күзгі» сұрақ-жауаптары, «Ал, сіз білесіз бе?» блиц-сауалнамасы, «Жемісті тап», «Бақшада не өседі» ойындары және де т.б.

Балалар қуана-қуана «Күз – ғажайып кезең» бейне-өлеңін «Антошка» әнімен «Карусель» мультфильмін тамашалады. Қоңыр күз вальсі «Три дровосека» мультфильмінің көрсетілуімен аяқталды. Қатысушылар саны — 26 адам.

Комментарии запрещены.