«Менің елім бәріне ортақ» — достық зертханасы

26 сәуір күні №10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Менің елім бәріне ортақ» атты іс шара — достық зертханасы болып өтті. Шараға №24 ЖОББМ нің 4 «А»  және 5  «Д» сыныптарының оқушылары қатысты. Алдыменен мамыр айының басында тойланатын Қазақстан халықтарының Бірлігі күні жайында біраз тоқталып өтті. Ел тұрақтылығы үшін өте маңызды болып саналатын бұл мерекені елімізде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері айрықша атап өтеді. Еліміз көп ұлтты мемлекет, яғни 150ден аса ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Әр ұлт өзінің ана тілімен, салт дәстүрімен ерекшеленеді. Мектеп оқушылары бұл мереке 1996 жылдан бастап аталып өтетіндігінен хабардар етілді.

Жүргізуші-кітапханашылар Таслима Темиртасовна Магмурова мен Наталья Ивановна Пихлик. оқушылармен әлеуметтік сұрақтар қойып, сыныптарында қанша ұлт өкілдері оқитындығын, қаншалықты өз туыстық тарау, яғни жеті аталарын қаншалықты білетіндіктерін сұрады. Қазақстан халықтар Ассамблеясының қалыптасқан этномәдени орталықтарының көптен күткен Достық үйі  жайында , оның ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқаны жайында айтылып өтілді. Бұл орталықта жиырмадан аса ұлттар ұлыстардың этномәдени орталықтары қоғамға өз үлестерін қосып белсенді жұмыс жасап келеді.Қонақта Павлодар облыстық «Қазақстан корей ассоциясының» өкілінің орынбасары Афанасьева Раиса Самсоновна қатысты. Корей этномәдени орталығының атқарып жатқан шаруалары мен қызметтері жайлы және ұлттық жаңғыру мектебі туралы мәлімдеме берді.

Мереклік шараға осы орталықтан бишілер келді. Сонымен қатар осы орталықтың мүшелері ПМПУ екінші курс студенті Жаңғозина Ботагөз, ИнЕУ дің төртінші курс студенті Мұқанова Салтанат көрерменге корей биін ұсынды. №25 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Ахметов Данияр «Адай», «Еркесылқым» күйлерін нақышына келтіріп орындады.

Достық зертханасының қатысушылары әр ұлттың бай сарқылмас мәдениеті болатындығын, олардың барлығын бейбітшілік пен бақытты өмір сүруге деген ынталары мен талпыныстары біріктіретіндігін білді.

№17 ЖОББМ 7 сынып оқушысы  Гребенников Давид үш тұғырлы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде достық туралы өлеңді оқып берді.    Жүргізушілер шараны қызықты сұрақтар қоюмен жалғастырды. Әртүрлі тілде  сәлемдесіп қандай тілде айтылғанын оқушылар анықтады. Шара соңында жиналған балалар хормен «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындап, естелік суреттерге түсумен аяқталды. Қатысқандар саны:38 адам.

Комментарии запрещены.