«Бізді кітап біріктіреді» атты әдеби дебют

25 сәуір күні Орталық балалар кітапханасының коворкинг орталығында № 5 ЖОББМ 4 «в» сынып оқушыларымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне арналған «Бізді кітап біріктіреді» атты әдеби дебют өткізілді. Мақсаты: кітапқа деген сүйіспеншілікті, оқуға деген қызығушылықты тәрбиелеу; жас таланттарды анықтау және олардың шығармашылығын ынталандыру.

Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина балалармен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мерекесінің шығу тарихы туралы әңгімелесті; «Кітап туралы аңыз»  айтып берді. Кітапханашылар қатысушыларға «Бүршік орманы», « Кітап оқитын адам жасасын!», «Кітап тарихы», «Оқы досым, оқы» атты қызықты бейнероликтер дайындады. Оқушылар «Мақал-мәтелдерді аяқтау», «Кітап атауындағы сандар» сайыстарында және «Кітап туралы барлығы» шағын-тестінде өз білімдерін көрсетті. Балалар үшін тосынсый дайындалды: балалар өздері шығарған «Жаңартылған ертегілер» шығармашылық жұмыстарының жинағы қолдарына берілді. Әр авторға жинақ табыс етілді, бұл оқушыларды  таң қалдырдып, қуантты.

Іс-шара қонақтары: павлодарлық ақын, композитор, «Славян мәдени орталығы» ЭМБ төрағасының орынбасары Людмила Николаевна Бевз және «Балдәурен» балалар тележобасының жетекшісі Елена Леонидовна Карабецкая. Людмила Николаевна балалар ақыны және «Звезда Прииртышья» облыстық газетінің «Домовенок» жетекші парағы Елена Игнатовскаяның хат-үндеуін оқып берді. Ал Елена Леонидовна «Ералаш» бейнероликтерін көрсетіп, оқушылар өздері оқитын мектепте түсіріліп, балаларды теледидардан көруге шақырды. Қатысқандар саны — 32 адам .

Комментарии запрещены.