«Мәдени мұра — ел байлығы» танымдық сағаты

27 сәуір күні № 15 көпшілік кітапханасы № 9 мектептің 5 «А» сынып оқушыларына Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Мәдени мұра — ел байлығы» атты танымдық сағат өткізді.

Шараның мақсаты: оқушыларға  Қазақстанның мәдени мұрасы туралы мәлімет беру, кітапқа деген қызығушылықты ояту және кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Кітапханашы  Михель Элеонора Альбертовна Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні, кітаптың шығу тарихы, жалпы кітаптың адамзат өміріндегі маңызы, кітапханалардың түрлері, барша білімнің қайнары болып табылатын кітапты сақтау, оның сирек және аса бағалы түрлері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ қазақ еліндегі алғашқы кітаптың бірі – Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кітабының білім нәрін себудегі атқарған маңызы туралы білді.

Балалар кітап, ілім-білім туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, жұмбақтар шешті.

Кітапханашы «Мәдени мұра — ел байлығы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Оқушылар  кітаптың пайдасы және оны ұқыпты ұстау туралы өз ойларын ортаға салды. Шара соңында барлығы естелікке суретке түсті.  25 адам қатысты.

Комментарии запрещены.